Жамбыл облысында 2017 жылдың 23 - 29 қаңтары аралығында жатыр мойнының ісігі бойынша апталық өтеді. Апталық барысында барлық емханалар мен облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өткізіледі. Тексеру барысында пап-тестілеу (атипиялық жасуша бар-жоқтығын тексеру үшін жатыр мойнынан жағынды алу) және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Өтетін күні мен уақыты: 23.01.2017ж., сағ. 15-00
Өтетін орны: Облыстық онкологиялық диспансер
Мекен-жайы: К.Әзірбаев көшесі 156