Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық перинаталдық орталығында Ұлыбритания елінің Лондон қаласындағы Global Conferences орталығының облысымыздың емдеу-алдын алу мекемелерінің мейірбикелерімен бірлескен телеконференциясы өтті. Оның барысында медбикелер алқасы Патшалығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек және патронаждық қызмет Департаментімен «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі NHS («National Health Service») шеңберінде мамандандырылған әлеуметтік мейірбикелік және патронаждық қызмет: құрылымы, жұмысты ұйымдастыру, дамыту жолдары мен қызметті қаржыландыру» тақырыбында мәселелер талқыланды.
Оған төрағалық жасаған Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Марат Жұманқұлов медбикелерді дәрігердің көмекшісі дегеннен гөрі дәрігердің серігі деген дұрыс болатынын айтты:
- Мейірбикелердің біліктілігін арттыру мен білімін жоғары білім деңгейінде жетілдіру туралы «Денсаулық» бағдарламасында да айтылып, медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсартуды, дайындалған мамандардың бәсекеге қабілетті болуына жеткілікті көңіл бөлуді көздеп отыр. Бүгінгі уақыт талабының өлшеміне салсақ, медбикелерге артылар жауапкершілік жүгі тіптен жоғары. Оның ішінде денсаулық сақтау саласының негізгі күші болып табылатын «Мейірбике ісін» дамытуға қазір де ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда мейірбикелерді дайындау ісі жоғары деңгейде қолға алынып, олардың мәртебесін арттыру бағытында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. 2016–2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы жаңа бағыттарды айқындып отыр. Оның бірі – аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту. Бұл ретте, мейірбикелерге жүктелетін жауапкершіліктің жоғары екендігі біз айтпасақ та түсінікті. Олардың денсаулық сақтау ісіндегі орны мен қызмет аясы ұлғайып, мәртебелері жоғарылап келеді.
Сондай-ақ, телекөпірде байланыста болған медбикелер алқасы Патшалығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек және патронаждық қызмет Департаментінің басшысы Кэтрин Йейтске облыстағы мейірбике ісі бойынша мамандар әлеуеті, бұл бағыттың тиісті мамандармен қамтылу мәселесі, медициналық колледждерде даярланатын орта буын медицина қызметкерлерінің дайындалу деңгейі туралы мәліметтер келтірілді.
Лондоннан телебайланысқа шыққан Кэтрин Йейтс:
- Royal College of Nursing (RCN) – әлемде орта буынды медицина қызметкерлерін кәсіби тұрғыдан дайындайтын ең жоғары медбикелер алқасы Патшалығының колледжі. Сондай-ақ ол әлемде кәсіби біліктілігі мен шеберлігі бойынша жоғары саналатын орта буынды медицина қызметкерлерінің дағдыларын қалыптастыратын ең ірі мекеме. Бүгінде оның құрамында 435 000 жоғары білікті медбикелер, акушерлер, фельдшерлер мен медициналық колледж студенттері бар. Патшалық мүшелері денсаулық сақтау саласында, тәуелсіз секторларда жоғары білімді маман ретінде жұмыс істейді. Сондықтан да біз орта буынды медицина қызметкерлерін дайындау ісінде бірлесе жұмыс істеуге, тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз.
Аймағымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған әлеуметтік жоба аясында ұзақ мерзімді әріптестікті қалыптастыру негізінде Меморандумға қол қойылды. Оның аясында облысымыздың медбикелері Ұлыбритания елінің Лондон қаласына біліктілігін арттыруға оқуға жіберілетін болады.
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының