Мирзабекова Гуля Куралбековна – Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті басшысының орынбасары
Эпидемиологиялық жағдай
Бүгінгі күні Жамбыл облысындағы тұмау және басқа жедел респираторлы вирусты жұқпалы аурулар (әрі қарай – ЖРВЖА) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып сипатталады, осы жұқпаның көрсеткіштерінің көпжылдық бақылау табалдырық сырқаттанушылық деңгейінен асуы бақыланбады. Ағымдағы іңдет маусымында өткен іңдет маусымының сәйкес уақыт мерзімімен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 11,4 пайыз төмен.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында облыс аумақтары медициналық мекемелерінің ресми мәліметтері бойынша ЖРВЖА белгілерімен 9 мыңнан астам тұлға мединалық көмекке қаралды, оның ішінде зертханалық әдіспен тұмау диагнозы 136 адамға қойылды. Жалпы тұмауға шалдыққандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар үлесі 40,0 пайызды, жүкті әйелдер 29,0 пайызды құрады.
Тұмау анықталған 136 науқастың 11-і (8,0 пайыз) тұмауға қарсы егілген және олар аурудан асқынусыз айықты.
Облыста халық арасында вирустардың айналымын анықтау мақсатында зертханалық мониторинг жүргізіледі. Осылайша, облыстың ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында ЖРВЖА белгілері бар науқастардан 500 астам материал зерттелді, оның ішінде тұмауға оң нәтижелі 136 (А типі – 47,0 пайыз, В типі – 53,0 пайыз), тұмау емес вирустарға 9 нәтижелі үлгі анықталды (парагрипп, аденовирус және риновирус).
Тұмаумен ауырғандардың барлығы стационар жағдайында емделіп, сауығып шығарылған.
Медициналық ұйымдардың дайындығы
Облыста, бүгінгі күні, ЖРВЖА және тұмаумен сырқаттанушылығы мен тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Республикада, оның ішінде біздің облысымызда ЖРВЖА және тұмауды эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі сырқаттанушылыққа, тұмау вирусының айналымына мен вирустың жаңа штаммдарының анықталуына мониторинг жүргізу ретінде қамтамасыз етілген.
Облыстың барлық медициналық ұйымдары жұмыстың күшейтілген тәртібіне көшіріліп, барлық қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, оның ішінде вирусқа қарсы препараттармен және науқастарды қабылдау мен емді іске асырып отыр.
Облыстың дәріханалық торабы дәрілік заттармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, оның ішінде вирусқа қарсы препараттар мен бір реттік бетперделермен.
Алдын алу, оның ішінде вакцинация
Вакцинация: іңдет маусымының алдыңда 2016 жылдың қазан-қараша айларында облыс бойынша тұмауға қарсы вакцинациямен қауіп-қатер топтарындағы 120 мыңнан астам адам қамтылған (жабық мекемелердің балалары мен қарттары, сонымен қатар созылмалы ауруламен, иммунды жетіспеушілікпен диспансерлік есепте тұрған, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер мен жүкті әйелдер). Екпелер жергілікті бюджет, жұмыс берушілер мен халықтың жеке есебінен жүргізілді. Облыста тұмауға қарсы екпе жасау үшін Ресейдің «Гриппол Плюс», Нидерландының «Инфлювак», Францияның «Ваксигрипп» екпелері пайдаланылды. «Гриппол Плюс» екпесі жоғары тиімді, қауіпсіз, сертификаты бар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талаптарына сәйкес келетін еке. Екпе тұмауға қарсы арнайы иммунитеттің жоғарға деңгейін қалыптастырады. Екпеден кейінгі қорғалу күші әдетте 8-12 күннен кейін басталып, 12 ай бойы жалғасады. «Гриппол Плюс» екпесінің құрамына Полиоксидония иммуномодуляторының енгізілуі ағзаның иммунды статусын түзету арқылы басқа да жұқпаларға тұрақталаған жоғарлатады.
Ұсыныстар: ЖРВЖ мен тұмау негізінен жөтелу, түшкіру, науқаспен сөйлесу кезіңде бөлінген сілекей тамшылары арқылы ауалы-тамшылы жолмен беріледі. Сондықтан да келесі талаптарды орындау өте маңызды:
-«Жөтелу этикетін» сақтау-жөтелу немесе түшкіру кезіңде ауызды беторамалмен жабу;
- Ауадағы вирустардың концентрациясын азайту мақсатымен үйде немесе жұмыс орнында бөлменені жиі желдетіп отыру;
-Ағзаның тоңуының алдын алу, тоңған ағза ЖРВЖ мен тұмау вирустарына қарсы тұру қабілеті төмендейді;
-Шаң арқылы еденге, жиһазға, қабырғаға тұнған вирустарды ылғалды тазалау арқылы жою қажет;
-Таза ауада жиі болу, эпидемиялық маусым барысында адам көп шоғырланатын жерлерде сирек болу;
-Тағам рационында балауыз жемістер мен көкөністерді жиі қолдану. Сарымсақ пен пиязды жиі қолдану, себебі бұл азықтар ағзадағы вирустарды өлтіреді.
Ауру сипмтомдары біліңген бойда үйде қалып, дәрігер шақырыңыз. Дер кезіңде медициналық көмекке жүгіну және емделу, аурудан кейінгі болатын асқынулардың алдын алып, вирусты жұқпалардың басқа дені сау адамдарға таралуын алдын
Все права защищены.
При использовании материалов с сайта Байзакская ЦРБ в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт Байзакская ЦРБ обязательна.
При использовании материалов Байзакская ЦРБ:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайтhttp://crb.bayzak.zhambyl.kz/
- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Байзакская ЦРБ «http://crb.bayzak.zhambyl.kz/».