Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Қордай ауданына шығып, ауылдық-елді мекендердегі емдеу орындарының тыныс-тіршілігімен, ауыл тұрғындары денсаулығын арттыру бағытындағы мүмкіндіктерімен танысып, оларға талдау-сараптау жасады.

Қордай ауданы бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, 3 ауылдық емхана, 15 дәрігерлік амбулаториялар, 14 медициналық тіректер, 8 фельдшерлік-акушерлік тіректер, аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қордай аудандық орталық ауруханасы 271 (56 күндізгі емхана) төсектік, аудандық емхана 265 қабылдауға арналған. Барлығы Қордай аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күнде 177 дәрігер, 544 орта буын медицина қызметкерлері, 238 кіші мейірбикелер, басқалары 190 адам жұмыс атқаруда. Аудан тұрғындарының саны – 141411, РПН бойынша тіркелгендер саны – 135205. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 53968, бір жасқа дейінгі балалар саны – 2960. Қазіргі кезде ауданда туу жасындағы әйелдер саны – 31838, жүкті әйелдер саны – 1656, оның ішінде қауіпті топта – 303 әйел бақылауда тұр. Аудандық ауруханада 271 төсек қоры бар. Олар: терапия бөлімі – 62 төсектік, оның ішінде 25 төсек кардиология, 17 төсек неврология бейіндегі реабилитациялық төсектер. Ота бөлімі – 63 төсек, гинекология бөлімі – 30 төсек, перзентхана бөлімі – 40 төсек, балалар бөлімі – 46 төсек, жұқпалы аурулар бөлімі – 30 төсек. Ауданда 234 төсек қоры күндізгі емхана амбулаторияларда және 50 төсек күндізгі емхана аудандық ауруханада орналасқан. Қордай ауданында7 жедел жәрдем бөлімшелері бар. Олар: аудандық орталық ауруханасы, Сортөбе ауылдық емханасы, Масаншы ауылдық емханасы, Аухатты ауылдық емханасы, Отар ауылдық емханасы, Сарыбұлақ дәрігерлік амбулаториясы, Жамбыл дәрігерлік амбулаториясы 122483 тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.
Қордай аудандық орталық емханасына тіркелген ауыл тұрғындарының саны – 27643. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 11143, бір жасқа дейінгі балалар саны – 666. Туу жасындағы әйелдер саны – 7558. Жүкті әйелдер саны – 399. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігерлер – 123, орта буын медицина қызметкерлер – 261, психолог – 4, социолог – 3.Қақпатас фельдшерлік-акушерплік пунктінде тіркелген ауыл тұрғындарының саны – 1776. Оның ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар саны – 705. Бір жасқа дейінгі балалар саны – 45. Туу жасындағы әйелдер саны – 423. Жүкті әйелдер саны – 10. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: фельдшер – 1, медсестра – 1, акушерка – 1. Бұл емдеу мекемесінде де кемшілік – жоғарыдағыдай.
Бетқайнар дәрігерлік амбулаториясында ауыл тұрғындарының саны – 2976 тіркелінген. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 1089, бір жасқа дейінгі балалар саны – 62. Туу жасындағы әйелдер саны – 662. Жүкті әйелдер саны – 24. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны:дәрігерлер – 3, орта буын медицина қызметкерлері – 10. Бұрын ауылдық кеңес болған мекемеде 440 адам диспансерлік есепте. Айына бір рет гинеколог, педиатр тәрізді мамандар ауданнан келіп, қарау жасап тұрады.Жанатұрмыс фельдшерлік-акушерлік пунктінде ауыл тұрғындарының саны – 1521 тіркелінген. Оның ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар саны – 530, бір жасқа дейінгі балалар саны – 28. Туу жасындағы әйелдер саны – 332. Жүкті әйелдер саны – 12. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: фельдшер – 1, медсестра – 1. Емдеу мекемесіне алғаш кіргеннен көзге көрінетін үлкен кемшілік – тұрғындарға арналатын ақпараттық насихат жұмыстарының бастысы болып табылатын көрнекі құралдарының бірнеше жылдардан бері ауыстырылмағандығы. Сондай-ақ, олардағы үлкен қателердің көзге бадырайып, көрініп тұрғандығы. Ал, тұрғындарға тегін таратылатын дәрі-дәрмектер тізімі, анафилактикалық шок кезінде пайдаланылатын дәрі-дәрмектер тізімі, тіпті, көрінбейді де. Ауданның бас дәрігерінің аталмыш емдеу мекемесіне кірмейтіндігі, кірсе де, мұндай қателерді көрмейтіндігі байқалып тұр.Жамбыл дәрігерлік амбулаториясында тіркелген ауыл тұрғындарының саны – 3568. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 1535, бір жасқа дейінгі балалар саны – 93. Туу жасындағы әйелдер саны – 850. Жүкті әйелдер саны – 55. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігерлер – 2, орта буын медицина қызметкерлері – 13. Мұнда да емдеу мекемелеріне тегін таратылатын ақпараттық насихат құралдардың жоқтығы, болса да, олардың соңғы 10 жылда ауыстырылмағандығы көрініп тұр. Ал, төрде тұруы тиіс мемлекеттік рәміздер босағада, шыға берісте. Осындай келеңсіздіктерден-ақ аудандық емдеу мекемесі басшылығының қалай жұмыс істейтіндігін байқауға болады. Қасық дәрігерлік амбулаториясында тіркелген ауыл тұрғындарының саны – 2751. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 986, бір жасқа дейінгі балалар саны – 56. Туу жасындағы әйелдер саны – 589. Жүкті әйелдер саны – 23. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігер – 1, орта буын медицина қызметкерлері – 6. Аталған емдеу мекемесінде жоғарыдағыдай кемшіліктер байқалмайды. Сондықтан, басқарма басшысы бұл орынның жұмысына қанағаттанарлық баға берді.
Аухатты ауылдық емханасында ауыл тұрғындарының саны – 5773 тіркелінген. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 2456, бір жасқа дейінгі балалар саны – 131. Туу жасындағы әйелдер саны – 1422. Жүкті әйелдер саны – 93. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігерлер – 4, орта буын медицина қызметкерлері – 18, психолог – 1, социолог – 1 Сортобе ауылдық ауруханасында ауыл тұрғындарының саны – 17205
тіркелінген. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 8014, бір жасқа дейінгі балалар саны – 399. Туу жасындағы әйелдер саны – 3993. Жүкті әйелдер саны – 236. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігерлер – 18, орта буын медицина қызметкерлері – 57, психолог – 1, социолог – 1. Сарыбұлақ дәрігерлік амбулаториясына тіркелген ауыл тұрғындарының саны – 3181. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 1318, бір жасқа дейінгі балалар саны – 68. Туу жасындағы әйелдер саны – 747. Жүкті әйелдер саны – 58. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігер – 1, орта буын медицина қызметкерлері – 10. Масаншы ауылдық ауруханасында ауыл тұрғындарының саны – 14732 тіркелінген. Оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6848, бір жасқа дейінгі балалар саны – 405. Туу жасындағы әйелдер саны – 3174. Жүкті әйелдер саны – 243. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігерлер – 9, орта буын медицина қызметкерлері – 40, психолог - 1, социолог – 1.
Жалпы, Қордай ауданындағы емдеу мекемелері жұмыс жүйелерінің қыр-сырына қанығып, тұрмыс-тіршілігімен танысқан басқарма басшысы мұнда ақпараттық насихат жұмыстарына мән берілмейтіндігін білді. Негізгі қателіктер мен кемшіліктер ауданның бас дәрігеріне ескертілді.
Мемлекеттік рәміздердің жазылу және орналасу тәртібіне бас дәрігердің өзі жауапты болуы тиіс. Сондай-ақ аурулардың алдын алуға арналған көрнекі құралдардың сауаттылығына да мән берілуі керек. Бұл жағынан алғанда Қордай аудандық емдеу-алдын алу мекемелері қателіктер мен кемшіліктерден көз ашпайды.
 
 
 
 
 
Орындаған баспасөз
орталығының жетекшісі Т.Өмірбаева
тел: 45-14-52