![]() |
Жамбыл облысындағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, пациенттермен телефон арқылы байланысу, тұрғындардың медициналық ұйымдарға қайырылу жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында Жамбыл о блыстық аймақтық Call-орталығы ашылды.
Call-орталығы номері:555-160
Келесі жағдайлар бойынша Call-орталығына хабарлассаңыз болады:
1. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша;
2. дәрігерді үйге шақыру;
3. дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
4. медициналық көмектің сапасы, ақылы қызмет;
5. медициналық қызметкерлердің этика және деонтологиясы;
6. ауруханаға жатқызу тәртібі, дәрігердің қабылдауына жазылу;
7. халықтың (БХТ) порталына тіркелуі.
Call-орталығының жұмыс уақыты 8.00 -ден 20.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма).
Облыс бойынша бағдарлама 3 кезеңде енгізіледі:
1 кезең- Тараз қаласының қалалық емханалары;
2 кезең- Тараз қаласының қалалық және облыстық ауруханалары, диспансерлері;
3 кезең- аудандардың медициналық ұйымдары.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы